Array
(
    [0] => Array
        (
            [id] => 21
            [title] => Ұлпан
            [description] => Қазақ ұлттық әдебиетінің «алтын қорының» төрінен өзіндік орнын ойып алар сүбелі шығармалар қатарында классик жазушы, көркем сөздің майталманы Ғабит Мүсіреповтың «Ұлпан» атты романын айта кетсек еш жаңылмасымыз белгілі. Шығарма мазмұнына тоқталар болсақ, «Ұлпан» — тарихи роман, онда бір ғана Керей-Уаққа қарасты Сибан елінің тыныс тіршілігін суреттеу арқылы сол замандағы, атап айтқанда ХІХ ғасырдағы жалпы қазақ елінің шежіресі мазмұндалады. Шығармада ғасыр бойындағы қазақи тіршілік, оның тұрмысы, салт-дәстүрі, өзіне тән  әдет-ғұрпы кеңінен қамтылған. Толығырақ айтар болсақ, бұл шығармада да Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясындағыдай сол заманғы қазақ халқының тыныс тіршілігін сипаттайтын жер дауы, жесір дауы, барымташылық, қыз айттыру, қалың мал беру,  жарлы мен жақсының күресі тәрізді құбылыстар терең сипатталып, суреттеледі.

Шығарманың бас кейіпкері - Ұлпан, ол шын мәнінде өмірде болған тарихи тұлға. Романның екінші бас кейіпкері Есенейден қырық жасқа кіші бола отырып, тұлымы желбіреген жас қыздан бір рулы елдің басын біріктіріп, атын шығаратын ұлы тұлғаға дейін қөтеріле білген қайраткер жан. Романның мазмұнына орай, Керей-Уақтың Сибан елінің билігін қолына ұстап тұрған әйгілі биі, «мың жылқылы» байы Есеней жер дауы мәселесімен өз алдына жігіт кейпінде келген Ұлпанмен кездейсоқ ұшырасады. Оның қалың жылқысы аз үйлі кірме Күрлеуіттің жеріне түсіп кетеді де,  сол елдің уәжін айта келген топтың басшысы бір кездері өзімен үзеңгілес жүрген және де өмірін сақтап қалған ескі досы Артықбайдың қызы болып шығады.  Бес жасында Есенейдің арқасына мініп, «Мен түйеге мініп кеттім! Әке, сен үйде қалдың!» деп маза бермейтін қара қыз, енді ел сөзін сөйлеп, ат құлағында ойнайтын батыр қызға айналғанын көрген Есеней жас алшақтығына қарамастан, Ұлпанға деген көңілі оянып араға өзінің әрі досы, әрі ағайындасы «Түрікпен» Мүсірепті салады. Аздап сыбызғы тартып, серілік құрып жүретін «Түрікпен» Мүсіреп, Есеней досының емеурінін шебер жеткізе отырып, Ұлпанға қолқа салады.
            [img_1] => 1715574882_Scan 12 апр. 24 15·17·05_page-0001.jpg
            [img_2] => 1715574882_Scan 12 апр. 24 15·17·05_page-0002.jpg
            [img_3] => 1715574882_Scan 12 апр. 24 15·17·05_page-0003.jpg
            [img_4] => 
            [img_5] => 
            [status] => 1
            [id_author] => 8
            [id_genre] => 8
            [created_data] => 2024-05-13 09:34:42
            [nameA] => Ғабит Мүсірепов
            [nameG] => Проза
        )

)