Каталог

«Балаларға базарлық»(инклюзивный творческий, образовательный и культурный реабилитационный проект).

ЖОБА ПАСПОРТЫ

  • Жобаның атауы: «Балаларға базарлық» (Инклюзивті шығармашылық, танымдық және мәдени-оңалту жобасы).
  • Жобаның авторы: Тетегулова Гульбану Бериковна
  • Ұйымдастырушы:
  • Жобаның мерзімі: 2025–2026 жылдар.
  • Мақсатты аудиториясы: Көру қабілеті бұзылған (зағип және нашар көретін) мектеп жасына дейінгі балалар, мектеп оқушылары, арнайы мектеп-интернат тәрбиеленушілері және олардың ата-аналары.
  • Техникалық қамтылуы: «САТР» заманауи тифлотехникалық құралдары (электронды бейнеұлғайтқыштар, тифлофлешплеерлер), Брайль қарпіндегі әдебиеттер, тактильді кітаптар, аудиоертегілер және Жасанды интеллект (AI) элементтері.

 

ЖОБАДЫҢ МАҚСАТЫ

Зағип және нашар көретін балалардың интеллектуалдық, шығармашылық және әлеуметтік әлеуетін заманауи тифлотехнологиялар мен инклюзивті кітапханалық әдістер арқылы кешенді дамыту; балалардың кітап оқуға (Брайль қарпімен және аудиоформатта) деген құштарлығын арттыру және олардың қоғамға толыққанды бейімделуіне кедергісіз, рухани-мәдени орта қалыптастыру.

 

ЖОБАДЫҢ МІНДЕТТЕРІ

  1. Ақпараттық қолжетімділік: Балалар әдебиетін, ертегілер мен аңыз-әңгімелерді аудио және бедерлі-нүктелі (Брайль) форматта балаларға қолжетімді ету, кітапхананың балалар қорын заманауи тактильді кітаптармен толықтыру.
  2. Технологиялық бейімдеу: Балалардың ерте жастан бастап жаңа тифло-құралдарды (портативті бейнеұлғайтқыштар, арнайы плеерлер) және экрандық оқу бағдарламаларын еркін меңгеруіне жағдай жасау.
  3. Шығармашылық дамыту (AI элементтерімен): Жоба аясында балалар мен кітапханашылардың бірлескен жұмысы арқылы сүйікті ертегілер мен өлеңдерді Жасанды интеллект көмегімен иллюстрациялау немесе қысқаша анимациялау («Кітап және қаламгер» байқауының бағыты бойынша).
  4. Әлеуметтік-мәдени интеграция: «Балалар және театр» үйірмесімен бірлесіп инклюзивті спектакльдер қою, «Шаңырақ» клубымен бірге интеллектуалды ойындар мен библиоквестер ұйымдастыру арқылы балалардың қарым-қатынас шеңберін кеңейту.
  5. Әдістемелік қолдау: Көру қабілеті бұзылған балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға балалар мен жасөспірімдер оқуының ерекшеліктері бойынша кеңес беру жұмыстарын ұйымдастыру.

 

ЖОБАДАН КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ

  • Арнаулы кітапханаға келетін балалар мен жасөспірім оқырмандардың белсенділігі артады.
  • Балалардың қол моторикасы, Брайль қарпімен оқу және жазу жылдамдығы жақсарады.
  • Қатысушы балалар заманауи тифлотехника мен сандық технологияларды (соның ішінде ЖИ мүмкіндіктерін) меңгереді.
  • Балалар өздерін шектелген ортада емес, нағыз рухани «базарлық» алғандай қуанышты, қоғамның тең құқылы мүшесі ретінде сезінеді.