Каталог
Абайтанудың кейбір мәселелері

Түгендеу нөмірі: 0000014

Кітаптар каталогы

Абайтанудың кейбір мәселелері

Зарқын Тайшыбай

Сипаттамалары

Авторы
Зарқын Тайшыбай
Әдебиет түрі
Мәтін
Жанрлары
романы
Басылған жылы
—
Бет саны
—
—5-тен (0)

Кітаптарға бронь жасау және бағалау үшін оқырман ретінде кіріңіз.

Сипаттама

Тайшыбай З. Абайтанудың кейбір мәселелері/ Зарқын Тайшыбай.- Алматы: «Sardar G», 2025. – 224 бет.
«Абайтанудың кейбір мәселелері» — белгілі абайтанушы-ғалым, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Зарқын Сыздықұлы Тайшыбайдың Алматыдағы «Sardar G» баспасынан жарық көрген құнды ғылыми-зерттеу еңбегі. Кітап ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің арнайы бағдарламасы аясында басылып шыққан.Еңбекте ұлы ақын Абай Құнанбайұлының мұрасы, оның ХХ ғасырдың басындағы қазақ мерзімді баспасөзімен байланысы және ақын өмірбаянының беймәлім тұстары архивтік деректер негізінде жан-жақты талданған. Автор Абайдың көзі тірісінде және ХХ ғасырдың басында жарық көрген алғашқы қазақ басылымдарын сараптайды. Мәселен, алғашқы «Түркістан уалаяты» газетінде Абай туралы мәлімет кездеспегенімен, Омбыда шығып тұрған «Дала уалаяты» (1882–1902 жж.) газетінің беттерінен ақынның шығармашылығы мен өміріне қатысты құнды деректер табылды. Кітапта Абайдың тірі кезінде баспасөзде жарық көрген атақты «Жаздыгүн шілде болғанда», «Болыс болды кей кісі» өлеңдері мен «Ескендір» поэмасына қатысты материалдардың шығу, таралу тарихы ғылыми тұрғыдан дәлелденеді. Сондай-ақ, ақынның інісі Халиолла Өскенбаев туралы жазылған мақалаларға да талдау жасалған. Профессор З. Тайшыбай өз зерттеуінде абайтану ғылымындағы ең түйткілді мәселенің бірі — Абай шығармаларының бірыңғай канондық (түпнұсқалық) мәтінінің қалыптаспауын, қолжазбалар мен алғашқы басылымдар (мысалы, 1909 жылғы Петербург жинағы) арасындағы мәтіндік айырмашылықтарды көтереді.

Суретті қарау
100%

Суретті + және − батырмаларымен үлкейтіңіз. Оны тінтуірмен немесе саусақпен жылжытыңыз; телефонда екі саусақпен масштабын өзгертуге болады.