Каталог

"Сөз сыры" жобасы

ЖОБА ПАСПОРТЫ

Жобаның атауы: «Сөз сыры»  (жас буын, оқушы, студенттерді рухани қолдау және шығармашылық қабілеттерін шыңдауға рналған жобасы).

Ұйымдастырушы: Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы.

Жобаның авторы: Қонысбай Құндыз Нұрланқызы

Жобаның мерзімі:  2023-2025 ж

 Аудиториясы: мектеп оқушылары, колледж, университет студенттері, белсенді жастар.

Негізгі серіктестер: қалалық №5, 15, 71,72 орта мектептері, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңіплік университеті, Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі, «АГУ Тарлан» көпсалалы колледжі.

Жобаның құралдары:  заманауи тифлотехникалық құралдары (үлкен экранды бейнеұлғайтқыштар, тифлофлешплеерлер), Брайль қарпіндегі ірі әдебиеттер, мерзімді баспасөздің аудио-нұсқалары, ақпараттық кеңістіктегі заманауи құрылғылар.

 

ЖОБА МАҚСАТЫ:

Оқушылардың сөздік қорын байыту, сөздердің мағынасын терең түсінуге үйрету,ой еркіндігін қалыптастыру,тіл мәдениетін қалыптастыру және шешендік өнерге баулу. Сөздердің шығу төркінін зерттеу. Жастардың сөйлеу мәдениетін дамыту. Қазақ тілінің байлығын насихаттау.

 

ЖОБА МІНДЕТТЕРІ:

Тақырып таңдау,мәлімет жинау.

Ақпараттарды талдау салыстыру.

 

ЖОБАДАН КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ

Арнаулы кітапханадағы жас буын оқушылар, студенттердің  тұрақты оқырмандарының саны артып, олардың әлеуметтік ортада өздеріне сенімді, айтар ойын жинақы, көркем жеткізуін көздейді.Сөздердің мағынасы туралы білім кеңейеді. Қазақ тіліне деген қызығушылық артады. Сөйлеу және жазу мәдениеті қалыптасады. Зерттеу дағдылары дамиды.

 

 

Суретті қарау
100%

Суретті + және − батырмаларымен үлкейтіңіз. Оны тінтуірмен немесе саусақпен жылжытыңыз; телефонда екі саусақпен масштабын өзгертуге болады.