Каталог
Кітапхана жаңалықтары

⚜️ АҚТӨБЕНІҢ КРЕАТИВТІ ӘЛЕМІ АСТАНАДА

⚜️ АҚТӨБЕНІҢ КРЕАТИВТІ ӘЛЕМІ АСТАНАДА
⚜️ АҚТӨБЕНІҢ КРЕАТИВТІ ӘЛЕМІ АСТАНАДА

🔹Елордада «Creative Aimaq» республикалық жобасы аясында Ақтөбе өңірінің мәдени мұрасы мен креативті индустриядағы жетістіктерін таныстырған «Aqtobe Creative Days» көрме-жәрмеңкесінің ашылу салтанаты өтті. Мәдени-креативті шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев қатысты.

🔸Көрмеге 100-ден астам ақтөбелік креатор қатысып, креативті индустрияның 30-ға жуық бағыты бойынша өз жұмыстарын ұсынды. Келушілер ұлттық қолөнер бұйымдарын, зергерлік туындыларды, заманауи киім үлгілерін, әдеби жобалар мен IT әзірлемелерді тамашалады.

⚜️Ақтөбенің мақтанышы Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған арнайы көрме ұйымдастырылды. Экспозицияда әншінің шығармашылық жолы,халықаралық сахнадағы жетістіктері мен өнердегіөзіндік қолтаңбасын танытатын материалдаркөпшілік назарына ұсынылды.

🔹«Aqtobe Design» сән кеңістігінде “SAGIRA” сән үйі, «SAULEMAI COUTURE», «Trumova Collection», «SYRMAK», «ULPAN SAN UI», «MARKA» сән үйлері мен Azamat SAIN бренді өз топтамаларын таныстырды. Сонымен қатар, Book Market әдеби алаңы, шеберлік сабақтары және Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты курсанттарының IT жобалары ұсынылды.

🎶 Көрме аясында «SherTer» креативті жобасының музыкалық
Суретті қарау
100%

Суретті + және − батырмаларымен үлкейтіңіз. Оны тінтуірмен немесе саусақпен жылжытыңыз; телефонда екі саусақпен масштабын өзгертуге болады.