Каталог
Кітапхана жаңалықтары

🇰🇿25 қазан – Республика күніне орай арнаулы кітапханада «Республика күні – елдігімнің белгісі» атты мерекелік...

🇰🇿25 қазан – Республика күніне орай арнаулы кітапханада «Республика күні – елдігімнің белгісі» атты мерекелік шара өтті. Мақсаты – оқырмандардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, еліміздің тарихы мен тәуелсіздік жолындағы маңызды кезеңдер туралы білімдерін кеңейту.
📘Шараға “Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы” ҚБ Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Н. Табельдинова, қалалық қазақ зағиптар мәдениет үйінің директоры А. Ермухамедова мәдениет үйінің көркем өнерпаздары қатысты.
📚Шара барысында Республика күнінің тарихи маңызы, Қазақстанның егемендік жолындағы алғашқы қадамдары мен елдігіміздің қалыптасу тарихы туралы бейнеролик көрсетілді. “Қыран елім- Қазақстаным!”тақырыбында кітап көрмесі жасақталып, библиографиялық шолу жасалды.
Қатысушылар туған жерге деген сүйіспеншілік, ел бірлігі мен бейбітшіліктің қадірі туралы ой бөлісіп, Отанға деген құрметін әсем әндер арқылы білдірді. Мерекелік шарада “ Егеменді Қазақстан”, “ Атамекен” әндері шырқалып, “Ұлттық сезім”, “ Хобда” өлеңі оқылды.
Ұлық мереке құтты болсын! #RepublicDayKazakhstan #РеспубликаКүні
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.