📚Ұлы ойшыл, түркі дүниесінің рухани ұстазы Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен шығармашылығын, терең тағылымға толы...
Бейнені ашу мүмкін болмады. Кейінірек қайталап көріңіз.
Танымдық сағатта Ясауидің асыл мұрасы саналатын «Диуани хикмет» еңбегіне ерекше назар аударылды. Шығармадағы имандылық, адалдық, сабыр, мейірім, кішіпейілділік пен әділеттілік секілді адамдық қасиеттердің мәні түсіндірілді. Қатысушылар ұлы ойшылдың даналыққа толы өсиеттерімен танысып, рухани тазалықтың, ізгілік пен адамгершіліктің өмірдегі орнын тереңірек түсінді.
Қожа Ахмет Ясауи мұрасы — өткен дәуірдің ғана жәдігері емес, бүгінгі ұрпақтың да рухани бағдаршамы саналады. @aqtobe.madeniet

