🔶Құрметті ақтөбеліктер және қала қонақтары!
Бейнені ашу мүмкін болмады. Кейінірек қайталап көріңіз.
Сіздерді Ақтөбе қаласының туған күніне арналған дәстүрлі «Этно-fest Ақтөбе-2026» фестиваліне шақырамыз!
Бағдарламада:
* «Fashion Ақтөбе» ұлттық киімдердің сән көрсетілімі;
* Ашық аспан астындағы ұлттық киімдер мен бұйымдар көрмесі;
* «Киіз-party» және «Тоқыма-party» алаңдары;
* Қолөнер шеберлері мен ұлттық аспаптар көрмелері;
* Балалар шығармашылығы мен ұлттық ойындар алаңдары;
* «Ақтөбенің рекордшылары» алаңы;
* «Тары фест» гастрофестивалі;
* Ұлттық тағамдар жәрмеңкесі мен фудкорт алаңдары күтеді.
Сіздерге ұлттық тағамдарымыз бен дәмнің сан алуан түрі ұсынылады.
Ұлттық рух пен дәстүр тоғысқан ерекше мерекеде жүздесейік!
Уақыты: 2026 жылғы 30 мамыр, сағат 11:00
Өтетін орны: Астана саябағы

