Каталог
Кітапхана жаңалықтары

Арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен №13 орта мектепте 9 мамыр – Жеңіс күніне орай «Ерлік елге мұра, ұрпаққа а...

Арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен №13 орта мектепте 9 мамыр – Жеңіс күніне орай «Ерлік елге мұра, ұрпаққа а...
Арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен №13 орта мектепте 9 мамыр – Жеңіс күніне орай «Ерлік елге мұра, ұрпаққа аманат» атты ерлік сағаты өтті. Іс-шараның мақсаты: оқушыларға Ұлы Отан соғысы жылдарындағы батырлардың ерлігін таныстыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу және тарихи жадыны құрметтеуге баулу.
Ерлік сағаты барысында соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің ерлігі туралы мәліметтер айтылып, батырлардың өмір жолы таныстырылды. Оқушылар патриоттық тақырыптағы өлеңдер оқып, әндер орындады. Сонымен қатар, “Ұлы Жеңіс — ұрпақ жадында” тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, соғыс тақырыбындағы әдебиеттерге шолу жасалды.
Шара жас ұрпақтың бойында елге деген сүйіспеншілікті арттырып, ерлік пен батырлықтың мәнін ұғынуға зор ықпал етті. @aqtobe.madeniet
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.