📚Бүгін Арнаулы кітапханада еңбек даласының аңызы, әйгілі күріш өсіруші,
Бейнені ашу мүмкін болмады. Кейінірек қайталап көріңіз.
Екі мәрте Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтың туғанына 135 жыл толуына орай «Дән атасы» ақпараттық сағат өтті. Шараның мақсаты: Көру қабілеті бұзылған оқырмандарымыздың тарихи танымын кеңейту, «Дала академигінің» өнегелі еңбек жолын дәріптеу және бойларында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру.
Шара барысында Сыр өңірінің тарихы мен Ыбырай атамыздың еңбек майданы туралы арнайы бейнематериалдар көрсетілді.
Ақпараттық сағат аясында оқырмандар назарына көрме жасақталып библиографиялық шолу жасалды. Еңбек пен төзімділіктің символына айналған Дән атасының мұрасы — елге деген сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі! Шара қызықты әрі тағылымды өтіп, оқырмандарымыз Дән атасының өнегелі өмірі мен еңбек жолы туралы алған әсерлерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға өздерінің алғыстарын білдірді. @aqtobe.madeniet

