Каталог
Кітапхана жаңалықтары

📚28 сәуірде арнаулы кітапханада «Ретро – vibe» жобасы аясында «Қазақ поэзиясының алтын дәуірі» поэзия кеші өт...

📚28 сәуірде арнаулы кітапханада «Ретро – vibe» жобасы аясында «Қазақ поэзиясының алтын дәуірі» поэзия кеші өт...
📚28 сәуірде арнаулы кітапханада «Ретро – vibe» жобасы аясында «Қазақ поэзиясының алтын дәуірі» поэзия кеші өтті. Шара барысында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері: Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, өлеңдері мәнерлеп оқылды.
Мақсаты – оқырмандарға қазақ поэзиясының бай мұрасын насихаттау, ұлттық әдебиетке деген қызығушылықты арттыру .
Іс-шараға Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің студенттері Абай Құнанбайұлының «Көзімнің қарасы» әнін орындаса, Шәкәрім Құдайбердіұлының «Адамдық борышың» , Махамбет Өтемісұлының «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңдерін мәнерлеп оқыды және №5 орта мектептің оқушылары А.Құнанбайұлының «Ғылым таппай мақтанба», «Қыс», «Ғашықтың тілі – тілсіз тіл», «Жазғытұрым» өлеңдерін жатқа айтып, өз мәнерінде жеткізді. Кітапхана оқырмандары К. Үмбетияров Абайдың 17 қара сөзін жатқа оқып, жастарды ұлы тұлғаларды оқуға шақырды.
Кеш мазмұнды әрі тағылымды өтті. @aqtobe.madeniet @aktobeahgk @5_orta_mektep
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.