Қазақстанда креативті индустрия өкілдеріне арналған бірыңғай
QazaqCreative цифрлық платформасы іске қосылды
«Креативті индустрияларды дамыту қоры» корпоративтік
қоры креативті индустрия субъектілеріне арналған QazaqCreative
бірыңғай цифрлық платформасын іске қосты.
Платформа QazaqCulture порталының базасында әзірленіп,
креативті индустрия субъектілерін тіркеуге, мемлекеттік қолдау тетіктеріне
қол жеткізуге және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды
қамтамасыз ететін бірыңғай цифрлық экожүйе ретінде жұмыс істейді.
Енді креативті экономика өкілдері www.qazaqculture.com
порталындағы QazaqCreative бөлімі арқылы тіркеліп, жеке кабинет ашып,
цифрлық сервистердің кең спектрін пайдалана алады.
Платформа жеке тұлғаларға – авторларға, дизайнерлерге,
суретшілерге, фотографтарға, музыканттарға, қолөнершілерге және өзге
де креаторларға, сондай-ақ заңды тұлғаларға – студияларға,
агенттіктерге, продюсерлік орталықтарға, шығармашылық бірлестіктерге
және креативті индустрия саласында қызмет ететін басқа да ұйымдарға
арналған.
Тіркеуден өткен пайдаланушылар өз профилін басқаруға,
қызметтері мен жобалары туралы ақпарат жариялауға, хабарламалар
алуға, сондай-ақ мемлекеттік қолдау бағдарламаларына қатысу үшін
өтінім беруге мүмкіндік алады.
Сонымен қатар QazaqCreative платформасы арқылы креативті
индустрия субъектілері гранттық бағдарламаларға, жобаларды
қаржыландыру тетіктеріне, білім беру және акселерациялық
бағдарламаларға, консультациялық, сараптамалық, ақпараттық және
цифрлық қолдау құралдарына қол жеткізіп, конкурстарға, питчинг-
сессияларға, форумдарға, көрмелерге және өзге де салалық іс-шараларға
қатыса алады.
Тіркелу үшін www.qazaqculture.com порталындағы QazaqCreative
бөліміне өтіп, тіркеу нысанын толтырып, қажетті мәліметтерді енгізу қажет.
Модерациядан өткеннен кейін пайдаланушыға жеке кабинетке
қолжетімділік беріледі.
QazaqCreative платформасының іске қосылуы Қазақстанның
креативті экономикасының цифрлық инфрақұрылымын дамытудағы
маңызды қадам болды.

