📙Арнаулы кітапханада «Компьютерді меңгеріп, көкжиегіңді кеңейте түс» атты шеберлік сағаты өтті. Аталмыш шарағ...
Бейнені ашу мүмкін болмады. Кейінірек қайталап көріңіз.
Мақсаты: заманауи технологиялар арқылы мүмкіндігі шектеулі жандардың ақпаратқа қолжетімділігін арттыру, олардың білім алуына жаңа серпін беру.
Шеберлік сағатқа кітапхана оқырмандары, облыстық, аудандық кітапхана мамандары, жоғары оқу орындары өкілдері, жұмыспен қамту орталығы қызметкерлері, облыстық мүгедектер қоғамы мамандары, әлеуметтік қорғау саласының ардагерлері қатысты.
«ӘБЕО» мамандары жасанды интеллект негізіндегі «сөйлейтін» құрылғыларды, мәтінді бірнеше есе үлкейтетін бейнеұлғайтқыштарды және Брайль дисплейлерін іс жүзінде көрсетіп, оларды компьютермен байланыстыру жолдарын үйретті.
Бұл технологиялар – зағип жанның қоршаған ортаны тануына, кітап оқуына және қоғамның белсенді мүшесі болуына көмектесетін басты құрал болып табылады. @aqtobe.madeniet

