Каталог
Кітапхана жаңалықтары

⚜️Өңір басшысы Асхат Шахаров Наурыз мейрамы туралы Facebook

⚜️Өңір басшысы Асхат Шахаров Наурыз мейрамы туралы Facebook
⚜️Өңір басшысы Асхат Шахаров Наурыз мейрамы туралы Facebook
желісіндегі парақшасында жазба қалдырды.
Қымбатты жерлестер!
Тұрмыс-тіршілігін табиғат-анамен тығыз
байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздыктың, бастауы, ырыс пен берекенің арқауы деп бағалаған. Баршаңызды осы мәні терең мейраммен құттықтаймын!

Төрлет, жоғары шық, бейбітшілік пен достыктың бастауы болған Әз-Наурыз!
Бүгін «Қазақстан халқына мың алғыс» алаңында өткен мерекелік шараға қатыстым. Таңнан басталған думанда халықтың көтеріңкі көңіл-күйі, ұлттық, дәстүрге деген ықыласы бірден сезілді.

Ән мен күй, ақ дастархан, балалардың
шат күлкісі - мерекенің шынайы келбетін айқындады.

Цифрландыру жылы аясында ұсынылған заманауи киіз үйде көптің назарын аударды.
Ақтөбеліктердің ауызбіршілігі мен белсенділігіне дән ризамын.
Ортақ енбектің көрінісіне баршамыз куәміз. Өткен жыл ішінде өңірімізде нақты нәтижелер бар: Актебе дамып келеді, халыктың тұрмыс деңгейі
жақсарып жатыр. Алдағы уақытта да осы қарқын сақталады.
Әз-Наурыз Отанымызға- береке,
халкымызға - игілік, мемлекетімізге -
молшылық, ал әр шаныраққа бақыт пен
шаттық әкелсін!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!🇰🇿
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.