📘Наурызнама онкүндігі аясында арнаулы кітапхана “100 кітап – рухани мұра” атты кітап оқу марафонын ұйымдасты...
Шара барысында «100 кітап» тізіміне енген көркем және танымдық әдебиеттерге арнайы шолу жасалып, кітапхана оқырмандарына олардың мазмұны мен рухани құндылығы таныстырылды. Кітапханашылар әрбір туындының тарихи, мәдени маңызын атап өтіп, оқырмандарды кітап оқуға, ұлттық және әлемдік әдеби мұрамен тереңірек танысуға шақырды.
Марафон аясында оқырмандар сүйікті кітаптары туралы пікірлерімен бөлісіп, кітап оқу мәдениетін насихаттауға белсенді атсалысты. @aqtobe.madeniet

