📚23 ақпан күні арнаулы кітапхана қызметкерлері №5 жалпы білім беретін мектепте ұлы ұлттың тұлғасы, қоғам қай...
Бейнені ашу мүмкін болмады. Кейінірек қайталап көріңіз.
Мақсаты: жас ұрпаққа тарихи тұлғаларды таныту, Әлихан Бөкейхановтың өмір жолы, қоғамдық-саяси қызметі, этнограф, публицист ретіндегі қырларын таныстыру.
Кеш барысында Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен қызметі туралы мәліметтер, қызықты деректер (9 тілді еркін меңгергені, ғалым, публицист, аудармашы болғаны, Алашорда үкіметінің тұңғыш төрағасы атанғаны), замандастарының оның ұлт тарихындағы рөліне берген жоғары бағалары айтылып, қоғам қайраткерінің ұлт мүддесі жолындағы күресі дәріптелді.Қазақ халқының азаттығы, жері мен тілі үшін өмірін арнаған ұлы тұлға ретінде еске алынды.
Іс-шара соңында оқушылар викториналық сұрақтарға жауап беріп, білімдерін сынады. Бұл шара оқушыларға ұлттық тарихты тереңірек түсінуге жол ашады. @aqtobe.madeniet @5_orta_mektep

