Каталог
Кітапхана жаңалықтары

Арнаулы кітапханада 12 ақпанда адалдық пен әділдікті насихаттауға бағытталған “Біз жемқорлыққа қарсымыз!” атт...

Арнаулы кітапханада 12 ақпанда адалдық пен әділдікті насихаттауға бағытталған “Біз  жемқорлыққа қарсымыз!” атт...
Арнаулы кітапханада 12 ақпанда адалдық пен әділдікті насихаттауға бағытталған “Біз жемқорлыққа қарсымыз!” атты дауыстап оқу ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – оқырмандардың жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, адал еңбек, жауапкершілік пен заңға құрмет құндылықтарын дәріптеу. Жемқорлыққа қарсы тұру – Қазақстан саясатындағы аса маңызды стратегиялық басымдықтың бірі. Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлық көріністерінің себептері мен жағдайлары, «ҚР Мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдардың негізгі ережелері мен мазмұны, сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсері туралы ой бөлісіп, әділетті қоғам құру әр азаматтың өзінен басталатыны түсіндірілді. @aqtobe.madeniet
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.