Каталог
Кітапхана жаңалықтары

✨10 шілде күні арнаулы кітапханада «Retro vibes» жобасы аясында «Сағыныш сәті» атты ностальгиялық ретро-кеші...

✨10 шілде күні арнаулы кітапханада «Retro vibes» жобасы аясында «Сағыныш сәті» атты ностальгиялық ретро-кеші өтті.
Мақсаты: Ұлттың өткен тарихы мен рухани мұрасын, өткен күндердің естеліктерін еске алып, әдебиет пен ән өнерінің маңыздылығын көрсету. 70-80-90 жылдардағы жүректі қозғаған әуендерге саяхат жасап, оқырмандарға жақсы көңіл-күй сыйлау.
Кеш барысында
Шәмші Қалдаяқовтың, «Дос-Мұқасан» ансамблінің хит әндері жанды дауыста шырқалып, Брайль қарпінде жазылған мөлдір лирикалық өлеңдер оқылды. “Знаки из прошлого” атты викториналық ойыны өткізіліп,
оқырмандар өткен ғасырдың тұрмыстық ретро-заттарын ваза, аудиокассета, грампластинка, құтыларды сипап-сезу арқылы анықтады.
Кеш барысында түрлі сұрақтарға жауаптар алынды. Кітапхана оқырмандары ән арқылы өткен шаққа бет бұрып, жақсы әсер алды. Шара соңында кітапхана оқырмандары ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді. @aqtobe.madeniet
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.