Каталог
Кітапхана жаңалықтары

📚Облыстық «Оқитын өлке – 2026» акциясы аясында оқуға таңдалып алынған ақын, сазгер, драмтург Бәкір Тәжібаев,...

📚Облыстық «Оқитын өлке – 2026» акциясы аясында оқуға таңдалып алынған ақын, сазгер, драмтург Бәкір Тәжібаев, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Құрмет» ордені және халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Ертай Ашықбаевтың шығармалары таңдалды.
30 қаңтар күні арнаулы кітапханада «Өлкенің сөз зергерлері» атты кітап көрмесі жасақталып оқырмандарға таныстырылды. Көрме барысында «Өлең мен өмір» әдеби мақалалар жинағы, Ақтөбе кітапханасынан «Бәкір Тәжібаев» атты, «Қаңтардағы құс», «Ашық сабақ», «Әскерден келген студент», «Туған күн», «Қобыландының қонысы» кітабы, энциклопедия беттерінен деректер, сөз зергерлері туралы замандастарының айтылған естеліктер кітаптары алынды. Барша оқырмандарды кітап оқуға шақырамыз!
Бәкір Тәжібаев шығармашылығы:
- “Қамар сұлу” операсы либреттосының авторы (Музыкасы Е.Рахмадиевтікі, 1963)
- 150-дей әннің авторы, оның ішінде “Ақбұлақ”, “Жас дәурен”, “Әппағым-ау, әппағым”, “Гүлсің-ау” әндері
- “Қара торғай” (1967), “Сал сері- Қыз қосан” (1956), “Ана жүрегі” (1960) пьесалары республикалық, облыстық театрлар сахналарында қойылды
Марапаттары:
- Роза Рымбаеваның орындауында “Әлия” әні “Алтын орфей” конкурсында жүлдеге ие болды
Бәкір Тәжібаевтың шығармалары қазақ әдебиеті мен музыкасының алтын қорына еніп, халық арасында кең танымал.
Ертай Ашықбаев шығармашылығы:
- «Қос мең» (1988), «Жақсы баға» (1991), «Ұя» (2003), «Ашық сабақ» (2003), «Ғашықтар мектебі» (2004), «Қаңтардағы құс» (2007), «Қобыландының қонысы» (2008) жыр жинақтары жарық көрген
- Хуан Рамон Хименес, Ярослав Сейферт, Стефан Георге, Герман Гессе, Пауль Целан, Райнер Мария Рильке, Збигнев Херберт, Уильям Батлер Иейтс, Джон Китс жырларын қазақ тіліне аударған. @aqtobe.madeniet
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.