🇰🇿Тәуелсіздік – қазақ халқының ғасырлар бойғы арман-аңсарының жемісі, ұлттық рухтың асқақ белгісі. Арнаулы кіт...
Бейнені ашу мүмкін болмады. Кейінірек қайталап көріңіз.
🇰🇿Тәуелсіздік – қазақ халқының ғасырлар бойғы арман-аңсарының жемісі, ұлттық рухтың асқақ белгісі. Арнаулы кітапхана қызметкерлері Ә.Марғұлан атындағы №71 жалпы білім беретін орта мектепте 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – Мәңгілік елдің тұғыры» атты тарихи-танымдық кешін өткізді. Мақсаты: Жасөспірімдердің ұлттық санасын арттыру, ел тарихына деген қызығушылығын тереңдету, ел тәуелсіздігінің мәні мен маңызын түсіндіру, отансүйгіштік сезімді қалыптастыру. Кеш барысында ҚР Тәуелсіздік кезеңіндегі маңызды оқиғаларды қамтыған танымдық бейнеролик көрсетіліп, оқушылар назарын ел дамуының негізгі кезеңдеріне аударды. Бұл бейнематериал жас буынға ел тарихының күрделі беттерін жаңа қырынан танытып, тәуелсіздіктің қадірін терең сезінуге ықпал етті. Тәуелсіздік туралы «Тәуелсіздік тұғырың» атты әдебиеттер көрмесі жасақталып,оқырмандарға таныстырылды. Аталған кеште 7-класс оқушылары азаттыққа,тәуелсіздікке арналған жыр шумақтарын оқыды.
Сонымен қатар, оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту мақсатында викторина ойындары өткізіліп, сөзжұмбақтар жпсырылып, сұрақтарға жауап берілді. Белсенді қатысқан оқушылар кітапхана директоры Қ. Райымбаеваның алғыс хаттармен марапатталды. Іс-шара жас ұрпақтың ел тарихына деген құрметін арттырып, Тәуелсіздіктің құндылығын терең ұғынуға ықпал етті. @aqtobe.madeniet @71_mektep
Library & TV” Интервью в рамках проекта “inclusive- соmmunity” на тему “Инклюзивті мәдени кеңістік”посвященное к 15 октября -Международному дню “ Белой трос...
📚15 қазан – Халықаралық «Ақ таяқ» күніне орай, «Inclusive Community» жобасы аясында арнаулы кітапханада «Инклюзивті мәдени кеңістік» атты тифло-тренинг өтті.
І...
📣 Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы «Өмірде шектеу жоқ» атты республикалық эссе жазу байқауын жариялайды!
🔷 БАЙҚАУД...