📙Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің 110 жылдығына арналған оқырмандар конференциясы өтті.
📙@5_orta_mektep білім беру мекемесінде арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен Кеңес Одағының Батыры, көрнекті ғалым, ағартушы, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің өркендеуіне елеулі үлес қосқан Мәлік Ғабдуллиннің 110 жылдық мерейтойына арналған оқырмандар конференциясы өтті.
Іс-шараға мектептің тарих пәннің мұғалімі С. Карабаева және 10 класс оқушылары қатысты. Мақсаты: батырдың өшпес ерлігін насихаттау, жас ұрпаққа оның адамгершілік бейнесін және рухани мұрасын терең таныту.
📙Конференция барысында қатысушылар Мәлік Ғабдуллиннің өмір жолына арналған деректі фильмдермен, слайд, фотосуреттер, естеліктермен танысты. Сонымен қатар, тақырыпқа сай кітап көрмесі жасақталып, оның “Менің майдандас достарым”, “Алматыдан ауған жылдар”, “Алтын жұлдыз” секілді туындыларынан үзінділер оқылып, шығармаларының тәрбиелік мәні талқыланды.
Тарих пен әдебиет ғылымындағы қаламгер достары, майдангер батырдың аға буын өкілдерімен байланысы, Ұлы Отан соғысындағы ерлігі, Панфиловшылар құрамындағы қызметі, соғыстан кейінгі ғылыми-педагогикалық еңбектері жөнінде мазмұнды ойлар айтылды.
Оқушылар арасында “Батырдың тұлғалық дауы”, “Ерлік — елге мұра” тақырыбында ой қозғалып маңызды мәселелер қозғалды. Патриоттық сезімге толы шарада қатысушылар батырдың тұлғасы бүгінгі жастарға үлгі болуға тиіс екенін атап өтті.
@aqtobe.madeniet @5_orta_mektep

