Каталог
Кітапхана жаңалықтары

📙Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернат–колледж...

📙Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернат–колледж...
📙Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернат–колледж” кешенінде арнаулы кітапхана «Art терапия» жобасы аясында «Өнерге құштар өрендер» атты саз балшық терапиясын өткізді.

📙Шараның мақсаты: ерекше білім беруді қажет ететін балалардың шығармашылық әлеуетін ашу, қол моторикасын дамыту, өзін-өзі танытуға мүмкіндік беру және өнер арқылы психологиялық жағымды орта қалыптастыру.
Іс-шараға арнайы шақырылған қолөнер шебері Бараузова Айнур Бакытовна балаларға саз балшықпен жұмыс істеудің қыр-сырын түсіндіріп, әртүрлі пішіндер жасаудың әдістерін көрсетті. Шеберлік сабағы барысында қатысушылар өз қолдарымен шағын мүсіндер, декоративті бұйымдар жасап, шығармашылық процеске белсене араласты. Ерекше балалар шеберлік сабаққа қызығушылық танытып, өз идеяларын еркін жеткізіп, жаңа дағдыларды меңгерді. Терапия олардың ұсақ моторикасын жақсартып қана қоймай, өзіндік ойлау, зейін және шыдамдылық қабілеттерін дамытуға ықпал етті.
«Art терапия» жобасының маңызды бөлігі ретінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға шығармашылық арқылы эмоционалдық қолдау көрсетуге бағытталған. Іс-шара соңында қатысушылар мен педагогтер кітапхана мамандарына және Айнур Бақытқызына ризашылықтарын жеткізді. @aqtobe.madeniet @shkolainternatkolledzh
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.