Каталог
Кітапхана жаңалықтары

✨“ Сөз сыры “ жобасы аясында Ақтөбе жрғары гуманитарлық колледжінде «Оқы, өзгеге ұсын» ойталқы шарасы өтті....

✨“ Сөз сыры “ жобасы аясында Ақтөбе жрғары гуманитарлық колледжінде «Оқы, өзгеге ұсын» ойталқы шарасы өтті. Шараға колледж оқытушылары мен 2-3 курс студенттері қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты: оқу орнының білім алушыларымен кітапхана арасындағы әлеуметтік серіктестікті нығайту, кітап оқу мәдениетін дамыту, көркем шығармаларды терең талдау дағдыларын қалыптастыру және ой бөлісуге қолайлы орта құру болып табылады.
✨Ойталқыға қатысушылар түрлі жанрдағы әдеби, әлеуметтік бағыттағы, шетел әдебиеті шығармаларын талқылап, олардың идеялық мазмұны, көркемдік ерекшелігі, авторлық ұстанымы және қоғамға әсері туралы пікір алмасты. Оқытушылар талқыланған туындылардың тарихи контекстін түсіндіріп, әдеби талдаудың негізгі бағыттарына тоқталса, студенттер өздерінің әсерімен, шығармалардан түйген ойларымен және авторлар көтерген мәселелерге қатысты көзқарастарымен бөлісті.
✨Сонымен қатар шарада кітаптың адамзат өміріндегі алар орнын айқындайтын бейнероликтер, слайд көрсетіліп, шығармашылықты шыңдауға бағытталған тапсырмалар орындалды. Әдеби пікір алмасуда кітап оқу мәдениетін жандандырудың тиімді тәсілдері, қазіргі жастардың әдебиетке қызығушылығын арттыру жолдары да сөз болды.
Іс-шара интерактивті форматта өтіп, ашық пікірталас барысында шығарманы талдай отырып түрлі әсерге бөленген оқырмандардың қатары көп болды.
Ойталқы ашық пікір алмасуға негізделіп, қатысушылар өз ойымен бөлісіп, жаңа ұсыныстар ұсынды. @aqtobe.madeniet @aktobeahgk
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.