Каталог
Кітапхана жаңалықтары

📚Кітапханада 13 қараша Халықаралық зағиптар күніне орай «Нұр сәуледен таралады тәтті үміт» тақырыбында әдеби...

📚Кітапханада 13 қараша Халықаралық зағиптар күніне орай «Нұр сәуледен таралады тәтті үміт»  тақырыбында әдеби...
📚Кітапханада 13 қараша Халықаралық зағиптар күніне орай «Нұр сәуледен таралады тәтті үміт» тақырыбында әдеби-сазды кеш өтті. Бұл күн 1745 жылы дүниеге келген француз ұстазы Валентин Гаюидің құрметіне белгіленген.
Ол көзі көрмейтін жандарға алғаш болып оқу-білім беруге жол ашқан тұлға.
Мақсаты: зағип жандардың қоғамда инклюзивті ортасын қалыптастыру, өмір сүру сапасын арттыруға назар аударту, өмірдің мәнін түсінуге, өзін-өзі тануға бағыттау.
Шараға Қазақстан жазушылар одағының мүшесі,ақын Г. Қалдина, А.Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп- гимназияның оқушылары , Қ.Жұбанов атындағы университеттің жанынан құрылған «Ақтөбе жастар альянсы» еріктілер тобы қатысты.
Кеш барысында оқушылар «Адай» , «Балбырауын», «Аққу» күйлерін әсерлі орындап ,қобыз аспабында «Жастар биі» шығармасын қобызшылар сызылта орындады. А.Құнанбайұлының өлеңдерін жүрекпен сезініп, мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар, оқырмандар әсем әнмен әуелетіп, жыр жолдарын және өз жандарынан шығарылған өлеңдерді оқыды.
Тақырыпқа сай «Өмірде шектеу жоқ!»тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, аудио дисктер таныстырылды.
Шара соңында еріктілер естелік сыйлықтарын табыстап, ілтипаттарын білдірді. @aqtobe.madeniet @qsa_aktobe_oblysy @a.baitursynuly_lmg
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.