📚Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы «Заманауи медиа кеңістіктегі кі...
Мақсаты: Кітапхана саласындағы инклюзивті бағыттағы жаңа технологияларды, медиа құралдарды тиімді пайдалану арқылы ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың ақпаратқа тең қолжетімділігін қамтамасыз ету.
📚Семинарға Астана, Қарағанды, ШҚО, Павлодар, Шымкент, Тараз, Ақтөбе облыстарының зағип және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханалары және Ақтөбе облысының “Америка бұрышы” белсенді қатысып өз баяндамаларын оқыды.
Шараны зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана директоры Байузаков Асхат Құсайынұлы алғы сөзбен ашып берді.
Семинар барысында кітапхана мамандары инклюзивті ақпараттық ортаны дамытудың маңыздылығын көрсетіп, кітапханалар арасындағы кәсіби байланысты нығайтты. Республикалық семинар алдағы уақытта бірлескен жобаларды жүзеге асыруға зор мүмкіндік ашты. @aqtobe.madeniet @znkaark @arnaiy_kitaphana @arnaiykitaphana_pvl @shym_arnaiy.kitaphana @arnayi.kitaphana.astana @spec_biblioteka_krg

