Каталог
Кітапхана жаңалықтары

📚29 қазан күні Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының ұйымдастыруыме...

📚29 қазан күні Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының ұйымдастыруыме...
📚29 қазан күні Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының ұйымдастыруымен «Инклюзивті кітапхана: тең мүмкіндіктер» тақырыбында облыстық семинар өтті. Шараға облыстық, қалалық, аудандық кітапхана қызметкерлері, әлеуметтік серіктес мекемелер, тифлопедагог, дефектолог, психолог мамандар және БАҚ өкілдері қатысты.
Қазіргі таңда зағип жандарға арналған кітапханалық қызметтер тек дәстүрлі ақпаратпен шектелмей, заманауи технологиялармен тығыз байланыста дамып келеді. Облыстық семинар барысында мамандар Брайль дисплейлерін, принтерлерін пайдалану әдістерін, экрандық оқу бағдарламаларымен жұмыс жасау тәсілдерін игерді. «Инклюзивті қоғам. Тәжірибе. Ресурстар», «Тактильді адам: 3Д технология арқылы қолжетімді білім», «Инклюзивті қоғамды дамытуға арналған кітапханалық жобалар», «Ерекше балалармен жұмыс жасаудың инновациялық түрлері», «Көру қабілеті бұзылған балаларды түзету-дамыту, оқытуда ойын әдістерін қолдану» сынды тақырыптарда инклюзивті тәжірибелерімен бөлісіп, қолжетімді орта қалыптастырудың жолдарын қарастырды.
«Мүгедектігі бар жандармен жұмыстағы психологиялық ерекшеліктер мен қиындықтар» психологиялық тренинг жүргізу барысында мамандар тың идеялармен бөлісіп, зағип жандардың өзін-өзі қабылдау мен сенімділікті арттыру, эмоциялық тұрақтылықты қалыптастыруды көздейді. Психологиялық тренинг ерекше жандардың тұлғалық дамуына, эмоциялық тұрақтылығына өзара еркін қарым-қатынас жасауға ықпал етті.
📚Семинар барысында біліктілігін арттырып қана қоймай, технологиялық мүмкіндіктермен жан – жақты танысты, зағип оқырман үшін тиімділігін талдады. Қатысушылар зағип және нашар көретін азаматтарға арналған цифрлық технологиялар мен арнайы құралдардың қолданылу аясымен танысып өзара тәжірибе алмасты.
Бұл бағыттағы жүйелі жұмыс кәсіби мамандарға жаңа бағыттар ашуға, кітапханалық қызметті жетілдіруге, зағип оқырмандардың ақпаратқа қолжетімділігін арттыруға, олардың білім алуына және мәдени дамуына ықпал етпек. @aqtobe.madeniet @aqtobetv @aktobeahgk @oiyl.kitapkhana @shalkarkitaphana @baiganinkitaphana @alga_audandyk_kitaphana @qargaly_kitapkhanasy @martuk_biblioteka @baishev_kitapkhanasy @zhienbaev_kitaphanasy
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.