🎵 Қазақ күйі әлемдік цифрлық платформаларда!
Qazaq Creative Production лейблі «Key Entertainment» компаниясының «Key Distribution Services» бөлімімен серіктестікте алғашқы музыкалық релизін ұсынды.
🎼 Құрманғазы Сағырбайұлының 10 күйі жаңа форматта қайта жазылып, бір альбомға жинақталды.
🌍 Альбом Spotify, Apple Music, Яндекс Музыка және өзге де жетекші музыкалық платформаларда жарияланды.
Бұл – қазақтың күй өнерін әлемдік цифрлық кеңістікке шығарып, ұлттық музыкалық мұраны кең аудиторияға танытуға бағытталған маңызды қадам.
🎧Қазақтың күй өнерін әлемдік музыкалық платформаларда бірге тыңдайық!

