Каталог
Кітапхана жаңалықтары

📚Арнаулы кітапхана қызметкерлері Батыс Қазақстан облыстық зағип және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітап...

📚Арнаулы кітапхана қызметкерлері Батыс Қазақстан облыстық зағип және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы жолдаған «Сөйлейтін суреттер» атты бедерлі-графикалық суреттер шығарылымын оқырмандарға таныстырды.
Кітап 2025 жылы мәдени жоба аясында Батыс Қазақстан облыстық зағип нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасында басылып шықты.
Басылымда КСРО Журналистер Одағының және Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Сәкен Ғұмаров, елімізге танымал жергілікті суретшілер Бауыржан Валиев, Бекжан Жұмабаев, Мэлс Отаров, облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатының түлегі және қазіргі таңда аталған мектептің бейнелеу өнері пәнінің оқытушысы Жақсылық Нұрланұлының сурет туындылары, және олардың бедерлі-графикалық нұсқасы, сипаттамасымен интерпретациясы үлкейтілген қаріпте және нүктелі-бедерлі (Брайль) қаріпте берілген.
Басылымда Сәкен Ғұмаровтың жайпақ баспалы, бедерлі-графикалық нұсқадағы портреті суретшіге арналған өлеңдер де, жайпақ баспалы нүктелі-бедерлі қаріпте кірістірілген.
Аталған жұмыстардың сипаттамасын жасауда замануи жасанды интеллект бағдарламалары қолданылған. @aqtobe.madeniet @bko_arnauly_kitapkhana
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.