📖«Сөз сыры» жобасы аясында кітапханада «Ескі әндер әуені» атты әуенді сағаты өтті. Ән арқылы адам жаны емдел...
Бейнені ашу мүмкін болмады. Кейінірек қайталап көріңіз.
Өткен ғасырдың 60-70 жылдары қазақ ән өнерінің биік бір белеске шыққан салтанатты кезіболды. Әбілахат Есбаев, Шәмші Қалдаяқов, Сейдулла Бәйтереков, Бекен Жамақаев, Әсет Бисеуов, Нұрғиса Тілендиев сынды кәсіби композиторлар сол уақытта қазақ даласын әнмен тербеді. Концерттерде, түрлі жиын тойларда, әрбір үйдің төріндегі радиоларда қазақ әндері үздіксіз шырқалып тұрды. Сол әндердің басым бөлігі әлі күнге ел аузында.
🎵🎵🎵Шара барысында қазақ ән өнеріне өлшеусіз үлес қосқан тұлғалар туралы кітап көрмесі оқырмандарға таныстырылды.
Ән өнері туралы бейнежазба көрсетіліп, ескі әндердің авторлары, шығу тарихы туралы ақпарат берілді.
Әуенді сағатта қазақ қызының ерлігін әлемге паш еткен «Әлия» әні туралы баяндалды. Сонымен қатар, « Ақ бұлақ», «Ақ бантик», «Тамаша», «Алтыным», «Аққу арман» әндері шырқалды. @aqtobe.madeniet

