📚10 қазан күні №13 орта мектепте «Шытырман оқиғалы қызықты ойындар» тақырыбында психологиялық тренинг өтті.
Мақсаты: оқушылардың бір-біріне деген қарым-қатынасын жақсарту, адамгершілік қатынастарын қалыптастыру арқылы тұлғаның өсуіне, өзін-өзі тәрбиелеуіне және жетілуге ынталандыру.
Оқушылардың тіл байлығын дамытумен қатар бір-бірімен жақсы қарым-қатынасын жақсартып, еркін сөйлеуге дамыту.
Тренинг барысында «Жоғалған затты табу», «Көшбасшыны анықтау», «Есімдер сыры» жаттығулары жасалды.Оқушылар тапсырмалар арқылы ынтымаққа, достыққа, сенімділікке, шешім қабылдауға дағдыланып, топпен бірлесіп, күрделі жағдаяттардан шығу жолдарын тапты.
Эмоциялық тұрақтылығын дамытуға,тұлғалық өсуіне бағытталған ойын түрлері қолданылды.
Тренингте оқушылардың коммуникативтік қабілеттері ашылып, жақсы көңіл күймен, белсенділік танытты. @aqtobe.madeniet @akt_13_13

