💐💐Ардақты ардагерлер!
Бейнені ашу мүмкін болмады. Кейінірек қайталап көріңіз.
Сіздерді “1 қазан – Халықаралық қарттар күні” мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
«Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол» деп өсиет еткен қазақ қашанда қарттарын қадірлеп өскен ұлт. Ардагерлер – еліміздің алтын қоры.
Ұзақ жылдар қызмет жолында жастарға ұлағатты ұғымдарды сіңіріп, бүгінде әр шаңырақта ақылын айтып, тәлімді тәрбиесін беріп отырған үлкендерімізді көрудің өзі бір ғанибет.
Сіздердің жүріп өткен жолдарыңыз, еткен еңбектеріңіз – ұрпақ үшін үлгі-өнеге.
Бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, ұзақ ғұмыр, отбастарыңызға бақ-береке, ырыс-несібе тілейміз! Қазыналы қарттарымыздың қатары ортаймасын! @aqtobe.madeniet

