Каталог
Кітапхана жаңалықтары

🔰Биыл ел президенті Қасым- Жомарт Кемелұлының жарлығымен 2025 жыл “Жұмысшы мамандықтар жылы” болып жарияланды...

🔰Биыл ел президенті Қасым- Жомарт Кемелұлының жарлығымен 2025 жыл “Жұмысшы мамандықтар жылы” болып жарияланды. Атаулы жылға орай, кітапхана
С. Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында “ Жастық. Жігер. Еңбек” подкасты өтті. Шара мақсаты: еңбек адамының беделін көтеру, кәсіби білім беру және еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша оқытуды жетілдіру.
🔰Подкаст қонағы Ақтөбе ферроқортпа зауытының N°1 балқыту цехының балқытушы маманы Қазбек Дастан Дарбекұлы жұмыс барысы, қолданылатын құралдары, техникалық базасы, артықшылығы мен қиыншылығы туралы толық баяндап берді.
Жұмысшы мамандықтар экономикалық тұрақтылық пен әлеуметтік прогрестің басты факторы ретінде қарастырылады. Жұмысшы мамандығының рөлін күшейтудегі стратегиялық қадамдар, қызықты деректер айтылып, қазіргі қоғамда қаншалықты сұранысқа ие мамандық екендігі талқыланды. #2025жұмысшымамандықтаржылы. @aqtobe.madeniet
Суретті қарау
100%

Суретті + және − батырмаларымен үлкейтіңіз. Оны тінтуірмен немесе саусақпен жылжытыңыз; телефонда екі саусақпен масштабын өзгертуге болады.