Каталог
Кітапхана жаңалықтары

Ә. Марғұлан атындағы №71 жалпы білім беретін орта мектепте «Kitap time- 2025” кітап фестивалі аясында жергілік...

Ә. Марғұлан атындағы №71 жалпы білім беретін орта мектепте «Kitap time- 2025” кітап фестивалі аясында жергілік...
Ә. Марғұлан атындағы №71 жалпы білім беретін орта мектепте «Kitap time- 2025” кітап фестивалі аясында жергілікті ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Есенбай Дүйсенбайұлының туғанына 85 жыл толуына орай «Даланың шыршыл жүрегі» атты әдеби сағат өтті.
Іс-шараның мақсаты – ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттау, оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, туған жерге деген сүйіспеншілігін ояту.
Әдеби сағат барысында оқушылар ақынның өлеңдерін жатқа оқып, оның шығармаларына байланысты қойылған сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, Есенбай Дүйсенбайұлының шығармалары негізінде “Боздаланы бозторғай боп оятқан” атты кітап көрмесі жасақталып библиографиялық шолу жасалды.

Аталмыш шара жас ұрпақтың ұлттық рухани құндылықтарды бойына сіңіріп, әдеби мұраны құрметтеуге тәрбиелеуде маңызды рөл атқарды. @aqtobe.madeniet
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.