Каталог
Кітапхана жаңалықтары

Арнаулы кітапханамен Назарбаев зияткерлік мектебінің бірлескен «Book lovers» жобасы өз жұмысын жалғастырып кел...

Арнаулы кітапханамен Назарбаев зияткерлік мектебінің бірлескен «Book lovers» жобасы өз жұмысын жалғастырып келеді. Мақсаты: Әдебиеттерді насихаттау, аудио кітаптарды оқуға қолжетімділікті кеңейту, көру қабілеті бұзылған адамдардың оқу мәдениеті мен қызығушылығын арттыру.
Биылғы жылы кітапхананың кітап қоры NIS оқушылары оқыған балаларға арналған «Торғай мен тышқан», «Ұр тоқпақ» ертегілері, және де Тәкен Әлімқүловтың «Саржайлау», Жұмекен Нәжімеденовтың «Ақ сүт», «Шарт», «Саңырау мен соқыр», Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Кім жазықты?», Ғ.Мүсіреповтың «Қазақ солдаты», Ғабиден Мұстафиннің «Шығанақ» аудио кітаптарымен толықты.
Аудиокітаптар ақысыз оқуға беріледі.Кітапхананың дыбысталған кітаптарын тыңдау арқылы классикалық әдебиеттермен танысуға шақырамыз. @aqtobe.madeniet
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.