3 қыркүйек арнаулы кітапхананың қызметкерлері №13 жалпы білім беретін орта мектепте Қазақстан халқы тілдері кү...
Бейнені ашу мүмкін болмады. Кейінірек қайталап көріңіз.
ана тілін сүюге, тілін ардақтай білуге тәрбиелеу. Адам мен адамды, халық пен халықты жақындастыратын құрал – тіл. Тіл – достықтың кепілі, ел татулығының негізі. Әр халықтың асыл рухани қазыналарының бірі, биік рухты ұлт екендігінің белгісі, оның баға жетпес байлығы – тілі. Тіл – ең алдымен, ұлттық бастауымыз, адамзаттың даму тарихындағы ең басты жетістіктерінің бірі, ол кез келген халықтың болмысы, символы. Шара барысында аталмыш мерекенің маңызы туралы туралы түсіндіріліп,қазақтың үш биі – Төле би, Әйтеке би, Қазыбек бидің тіл туралы толғаулары айтылып, ақындардың осы тақырыптағы өлеңдері оқылды. Сонымен қатар «Тілім менің- тірлігімнің айғағы» атты кітап көрмесіне библографиялық шолу жасалып, оқушылар мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, қызығушылықпен өз жауаптарын берді. @aqtobe.madeniet

