Каталог
Кітапхана жаңалықтары

27 тамыз арнаулы кітапханада еліміздің басты құқықтық құжаты – Конституцияның қабылданғанына 30 жыл толуына...

27 тамыз арнаулы кітапханада еліміздің басты құқықтық құжаты – Конституцияның қабылданғанына 30 жыл толуына орай «Айбары асқақ Ата заң» атты ақпараттық сағат өтті. Мақсаты: оқырмандарды өз құқықтары мен міндеттерін таныстыру, заңға деген құрметті қалыптастыру. Ата Заң – еліміздің Тәуелсіздігін нығайтқан, азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз еткен темірқазық құжат. Ата Заң әрбір азаматтың өмір сүру, білім алу, еңбек ету, ар-ождан мен сөз бостандығына құқығын бекітіп қана қоймай, мемлекет пен қоғамның дамуына бағыт береді. 30 жыл ішінде мемлекетіміз әлемдік қауымдастықта орнықты мемлекет ретінде танылып, экономикада, білім мен ғылымда, әлеуметтік салада ауқымды жетістіктерге жетті. Бүгінде ҚР Конституциясы – ел бірлігінің символы, тәуелсіздіктің тірегі. Шара барысында оқырмандарға толық ақпарат беріліп, тақырыпқа сай сұрақтарға жауап алынды. «Ата заңым- айбыным» атты кітап көрмесі жасақталып, библиографиялық шолу жасалды. @aqtobe.madeniet
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.