-АНОНС
«Ботай – Ұлы дала мәдениеті»: Астана күні қарсаңында елорда
Солтүстік Қазақстанның тарихы, креативі мен технологиялары
тоғысатын бірегей алаңға айналады
2026 жылғы 4–5 шілде күндері Астанадағы Qazaq Creative Hub
алаңында «Креативті индустрияларды дамыту қоры» корпоративтік қоры
жүзеге асырып жатқан Creative Aimaq республикалық жобасы аясында
Солтүстік Қазақстан облысының North Kazakhstan Heritage Weekend
креативті жәрмеңкесі өтеді.
«Ботай – Ұлы дала мәдениеті» көрмесі Солтүстік Қазақстан
өңірінің бай тарихи мұрасын, креативті әлеуетін және заманауи
технологияларын бір кеңістікте тоғыстырады.
Дәл осы Солтүстік Қазақстан жерінде адамзат өркениетінің
маңызды жетістіктерінің бірі – Ботай мәдениеті қалыптасып, жылқы
алғаш рет қолға үйретілген. Бүгінде өңір осы тарихи сабақтастықты сақтай
отырып, креативті экономика, цифрлық технологиялар және адами
капиталды дамыту бағытында қарқынды дамып келеді.

