Каталог
Кітапхана жаңалықтары

📚С. Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен Абай Құнанб...

📚С. Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының
180 жылдығына арналған «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» әдеби кеші өтті.
Максаты: Абай мұрасын дәріптеу, ұлы ақын
шығармашылығын терең таныту, оның поэзиясындағы рухани-адамгершілік құндылықтарды қоғамға насихаттау.
📖 Әдеби кеш қаламгердің “ Мен бір жұмбақ адаммын” әнімен ашылды.
Шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары, қазақтың есті әндерін дәріптеуші кәсіби баяншы, әншілер: Д. Зейнекеш, Т. Бүркішов арнайы келіп ақынның “ Сенбе жұртқа тұрсада қанша мақтап”, “Өз мінімді қолға алдым” өлеңдерін шалқыта шырқады.
📚Сонымен қатар, No6655 әскери бөлімінің жас сарбаздары төл өнер термеден сусындатып “ Көзімнің қарасы” әнін орындады. Оқырмандар Абай Құнанбайұлының өлеңдерін оқып, бүгінгі күнмен үндестігі,қоғамдағы ролі, толық адам турасында пікір алмасты.
Ұлы ойшылдың шығармашылығына байланысты деректер баяндалып, сұрақтарға жауап алынды.
📖 Абай үні- жүректе,
Абай сөзі - мәңгілік елмен бірге!
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.