📚15 шілде күні арнаулы кітапханада «Әдеби такси» жобасы аясында қазақ жазба әдебиетінің тарихында өшпестей із...
Бейнені ашу мүмкін болмады. Кейінірек қайталап көріңіз.
Мақсаты: көркем шығармаларды насихаттау, аудиокітаптарды оқуға қолжетімділікті кеңейту, көру қабілеті бұзылған адамдардың оқу мәдениеті мен қызығушылығын арттыру.
«Кім жазықты?» поэмасы өз кезіңіндегі қоғамдық өмірді суреттеп, әлеуметтік мәселелерді қоюы мен шешуі жағынан ақынның шығармашылығындағы елеулі табыс болып саналады. Поэмада Әжібайдың өзі, әкесі, баласы арқылы қазақ даласында ұзақ жылдар бойы үстемдік етіп келген билеуші таптық үш ұрпағы көрсетілген. Автор қоғамдық өмірдегі прогресшілдік мәні бар жаңаны Әжібай тобына қарсы қою арқылы танытса, халық өміріне зиянын тигізген ескі ғұрыптарды Әжібайдың ой-дүниесі, әдет-салты, зұлымдық әрекеттері арқылы білдірген.
Шара барысында оқырмандар поэманың мазмұнымен толық танысып, кейіпкерлердің іс-әрекеті арқылы олардың мінез-құлқын аша отырып, негізгі «Кім жазықты?» атты сұраққа жауап беріп,өз ойларын өрбітті. @aqtobe.madeniet

