Каталог
Кітапхана жаңалықтары

📚Арнаулы кітапхана қолбасшы, батыр Жалаңтөс Баhадүрдің туғанына 450 жыл толуына орай, қаладағы Жалантөс Баһа...

📚Арнаулы кітапхана қолбасшы, батыр  Жалаңтөс Баhадүрдің туғанына 450 жыл толуына орай, қаладағы Жалантөс Баһа...
📚Арнаулы кітапхана қолбасшы, батыр Жалаңтөс Баhадүрдің туғанына 450 жыл толуына орай, қаладағы Жалантөс Баһадүр ескерткішінің алдында «Тұран өркениетінің ұлы перзенті – Жалаңтөс Баһадүр» атты тарихи сағатын өткізді.
Мақсаты: оқырмандарға қазақ халқының даңқты қолбасшысы, мемлекет қайраткері, батыр әрі би Жалаңтөс Баһадүрдің өмірі мен қызметі туралы мәлімет беру, оның ел қорғаудағы ерлігі мен тарихи еңбегін насихаттау.
Іс-шара барысында Жалаңтөс Баһадүрдің өмір жолы, әскери қолбасшылық қабілеті, қазақ жерін қорғаудағы ерліктері және Самарқан қаласының өркендеуіне қосқан үлесі туралы кеңінен мәліметтер берілді. Тарихи сағат қонағы “Облыстық тарихи-мәдени мұраны зерттеу, қалпына келтіру және қорғау орталығы” мекемесінің бөлім меңгерушісі Алпысбаев Абат Мұхтарұлы қатысып, оқырмандарға «Сапар» автовокзал алаңында орналасқан Жалаңтөс Баhадүрдің ескерткішіне жан-жақты тоқталды.
Қатысушылар батырдың тарихи мұрасымен танысып, оның ел бірлігі мен мемлекет тұтастығын сақтаудағы рөлі жөнінде мәлімет алды. Сондай-ақ, «Тұранның тұғырлы тұлғасы» тақырыбында көрме жасақталып, тұлға туралы әдебиеттерге шолу жасалып, танымдық сұрақтарға жауап алынды. Тарихи сағат оқырмандардың тарихқа деген қызығушылығын арттырып, елін сүйетін, өткенін құрметтейтін ұрпақ тәрбиелеуге ықпал етті. @aqtobe.madeniet @aqtobe.mura @a.alpisbaev.94
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.