Каталог
Кітапхана жаңалықтары

📒4 шілде арнаулы кітапханада еліміздің бас қаласы Астананың туған күніне арналған “Жайнай бер, Астана!” атты...

📒4 шілде арнаулы кітапханада еліміздің бас қаласы Астананың туған күніне арналған “Жайнай бер, Астана!” атты әдеби-сазды кеші өтті.
Мақсаты: оқырмандардың елорда - Астана жайлы білімдерін шыңдап, оның қалыптасу тарихымен таныстыру, ой-өрістерін дамыту, дүниетанымын кеңейту, болашақ ұрпақты отансүйгіштікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу. 2006 жылдан бастап шілденің 6-сы елорда күні ретінде атап өтілуде. Бүгінгі Астана қаласы – тәуелсіз Қазақстанның Елордасы, Отанымыздың жүрегі. 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астана «Әлем қаласы» атағына ие болды. Астана – бұл болашаққа бет бұрған жарқын қала.
Әр елдің астанасы – сол елдің төл құжаты. Кеш барысында Астананың бүгінгі бағындырған биіктері мен жетістіктері жайлы айтылды. Оқырмандар назарына Астананың бедері мен әсемдігі, бір сөзбен айтқанда жаңа елордаға арналған ойлары мен істері жазылған «Еуразия жүрегінде» атты кітабынан бастау алып, «Астана-Ақорда», «Астана жыр құшағында, ән қанатында», «Астана - Қазақстанның жүрегі», «Астаналардағы көшелер, «Қазақстанның жеті кереметі», «ХХІ ғасырдың Астанасы», «Астана.ХХІ ғасыр», «Астана» атты суретті кітаптар, Астана туралы фото-суреттер бейнеленген кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалып, «Астананың көрікті жерлері» атты бейне-ролик көрсетілді. Кітапхананың кішкентай оқырмандары Астана жайлы өлеңдер оқып, әндер шырқап, түрлі ақыл- ой дамуына арналған ойындар ойнап өз шығармашылықтарын шыңдады. @aqtobe.madeniet
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.