Каталог
Кітапхана жаңалықтары

🌴Сенбі күні арнаулы кітапхана ұжымы мазмұнды тынығу терапиясын өткізді. Ұжым қызметкерлері бірлестікті арттыр...

🌴Сенбі күні арнаулы кітапхана ұжымы мазмұнды тынығу терапиясын өткізді. Ұжым қызметкерлері бірлестікті арттыр...
🌴Сенбі күні арнаулы кітапхана ұжымы мазмұнды тынығу терапиясын өткізді. Ұжым қызметкерлері бірлестікті арттыру, серіктестік пен ынтымақтастықты нығайту мақсатында тимбилдинг шарасын өткізді.
Шара барысында түрлі ойындар мен командалық тапсырмалар ұйымдастырылып, ұжым мүшелері ашық аспан астында еркін әрі достық көңіл күйде уақыт өткізді.

Сонымен қатар, шара аясында Мақсат Амантайұлының жетекшілігімен Брайль қарпін үйренуге арналған практикалық сабақ өтті. Қатысушылар көру мүмкіндігі шектеулі жандар үшін аса маңызды жазу жүйесінің құрылымымен танысып, арнайы құралдар арқылы әріптерді жазып оқуды үйренді.

Бұл шара қызметкерлердің кәсіби дағдыларын жетілдіріп қана қоймай, инклюзия бағытын терең түсінуге жол ашты. @aqtobe.madeniet
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.