ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!💐💐💐
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Әулиеата - кітап оқитын өңір» жобасы аясында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Біз жеңістің ұрпақтарымыз» атты Брайль жүйесінде эссе жазудан республикалық байқауын өткізді.
Бұл бастама мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылығын қолдау, Брайль жүйесін насихаттау және Ұлы Отан соғысы туралы тарихи оқиғаларды жаңғырту мақсатында ұйымдастырылды. Байқауға Қазақстанның әр аймағынан Жамбыл облысы, Алматы, Ақтөбе,Павлодар, Астана, Шымкент т.б. қалалардан 50-ден астам қатысушының жұмыстары ұсынылды.
Осы орайда кітапханамыздың оқырмандары да белсене қатысып, Умбетияров Кенжебай жүлделі III орын иеленіп, дипломмен бағалы сыйлықпен, Мұқанбетқазиев Аманжол, Жанасилов Әлібек,кітапхана қызметкері Тулегенов Мақсат алғыс хаттармен марапатталды. Алар асуларыңыз көп болсын! @aqtobe.madeniet @arnaiy_kitaphana

