🔰“Қазақстан балалары”
Бейнені ашу мүмкін болмады. Кейінірек қайталап көріңіз.
1 маусым— Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар тұжырымдамасына сәйкес арнаулы кітапхана қызметкерлері “Дені саудың — жаны сау” тақырыбында №13 орта мектеп оқушыларына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, дене шынықтыру пәні мұғалімі Е. Дюсенов оқушыларға спорттық жаттығулар жасатып,жас оқырмандар шараға белсене қатысты.
Сонымен қатар, мектеп медбикесі С. Жусупова оқушыларға зиянды заттардың зардаптарын білуге,жат әдеттерден аулақ болуға бағытталған суреттер көрсетіп, шолу жасады.
Денсаулықты сақтау- ең әуелі тазалықты сақтаудан басталады. Спортпен шұғылдану адамға кішіпейіл, кешірімді болуға, сәттіліктер мен жеңісті қарапайым қабылдап, тәкәппарланбауға үйретеді. Аталмыш шара оқушылардың бойына еркін күш пен жігер сыйлады. Отанымыздың келешегі салауатты өмір сүретін, білімді жастардың қолында. ⚽️🏀🎾🏑🤼♀️ @aqtobe.madeniet @akt_13_13

