Каталог
Кітапхана жаңалықтары

📚20 мамыр күні арнаулы кітапханада «Әдеби такси» жобасы аясында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, қазақ сөз өн...

📚20 мамыр күні арнаулы кітапханада «Әдеби такси» жобасы аясында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, қазақ сөз өнерінің майталман шебері, халық жазушысы
Ғ.Мүсіреповтың «Қазақ солдаты» атты шығармасына библографиялық шолу жасалып, оқырмандар аудио кітап тыңдады.
Мақсаты: көркем шығармаларды насихаттау, аудио кітаптарды оқуға қолжетімділікті кеңейту, көру қабілеті бұзылған адамдардың оқу мәдениеті мен қызығушылығын арттыру. Қазақ солдаты — Ғабит Мүсіреповтің тұңғыш романы. Алғашқыда 1945 жылы «Қазақ батыры» деген атпен повесть ретінде жарыққа шыққан, 1950 жылы қайта өңделіп, толықтырып жазылған. Биыл шығарманың жарыққа шыққанына 80 жыл толды. Шығарманың басты кейіпкері — Қайрош Сарталиевтің прототипі Қайырғали Смағұлов 1941—45 жылдардағы соғысқа бастан-аяқ қатысып, Кеңес Одағының батыры атағына ие болған адам. Шығарма желісі соғыс жылдарындағы жауынгерлердің өмір шындығымен шектеліп қалмайды, қарапайым халық тіршілігін де кеңінен суреттейді. 📚Нақтылы кейіпкерлердің жинақталған бейнесі арқылы бүкіл халықтың, елдің ерлік бітімін көрсетілген шығарма туралы оқырмандар өз ойларымен,алған әсерлерімен бөлісті. @aqtobe.madeniet
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.