Каталог
Кітапхана жаңалықтары

📚16 мамыр күні арнаулы кітапхана қызметкері № 5 жалпы білім беретін орта мектепте “Балаларға базарлық” жоба...

📚16 мамыр күні арнаулы кітапхана қызметкері № 5 жалпы білім беретін  орта мектепте “Балаларға базарлық”  жоба...
📚16 мамыр күні арнаулы кітапхана қызметкері № 5 жалпы білім беретін орта мектепте “Балаларға базарлық” жобасы аясында «Білімді бала боламын» танымдық сағатын өткізді.
Мақсаты: Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, ізденімпаздыққа, тәрбиелі болуға, кітап оқуға ынталандыру, өз болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Шараға бастауыш сынып оқушылары белсене қатысып, өз білімдерін ортаға салды.
Танымдық сағат барысында балалар түрлі тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап беріп, логикалық тапсырмаларды орындады. Сонымен қатар, қызықты ойындар мен шағын викториналар ұйымдастырылып, оқушылардың зияткерлік ойлау қабілеті сынға түсті.
«Білімді бала – ел ертеңі» деген ұстанымды негізге ала отырып өткізілген бұл танымдық сағат оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, олардың шығармашылық әлеуетін ашуға жол ашты. Балалар жаңа мағлұматтармен танысып, білім әлеміне деген қызығушылықтарын арттырды.
Танымдық сағат оқушыларға ұмытылмас әсер сыйлап, білімге деген құштарлықтарын одан әрі оята түсті. @aqtobe.madeniet
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.