Арнаулы кітапханада қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын насихаттау ма...
Бейнені ашу мүмкін болмады. Кейінірек қайталап көріңіз.
Әдеби кеш барысында Абайдың өмір жолы мен шығармашылығы туралы кеңінен мағлұмат беріліп, ақынның өлеңдері мен қара сөздерінен үзінділер оқылды. Қатысушылар Абайдың адамгершілік, білім, ғылым, еңбек және тәрбие тақырыптарындағы ой-толғамдарымен танысты.
Кеште ақынның «Мен бір жұмбақ адаммын» өлеңіне ерекше тоқталып, шығарманың мәні мен тәрбиелік маңызы талқыланды. Сонымен қатар Абай әндері орындалып, әдеби викторина және сұрақ-жауап бөлімі ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – Абай мұрасын оқырмандар арасында кеңінен насихаттау, ұлттық әдебиетке деген қызығушылықты арттыру, ақынның шығармалары арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу.
Іс-шара қорытындысында қатысушылар Абай шығармашылығының қазақ руханиятындағы орны туралы өз ойларымен бөлісіп, ақын мұрасын оқудың маңыздылығын атап өтті. @aqtobe.madeniet

