Каталог
Кітапхана жаңалықтары

29 сәуір күні арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен №5 жалпы білім беретін орта мектептің оқушылары үшін «Таби...

29 сәуір күні арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен №5 жалпы білім беретін орта мектептің  оқушылары үшін «Таби...
29 сәуір күні арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен №5 жалпы білім беретін орта мектептің оқушылары үшін «Табиғатты қорғау - ел ертеңін ойлау» атты экологиялық сағат өтті.
Мақсаты: табиғатқа, тірі әлемге мейірімді, ұқыпты, қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Оқушыларды қоршаған ортаның ластануы, адамның табиғатқа зиянды әсері туралы материалдармен таныстыру, экологияның не екенін түсіндіру.
Балалар қазіргі заманғы адамға күн сайын көптеген химиялық, физикалық, биологиялық және басқа қоршаған орта факторларының әсер ететінін білді. Шараға оқушылар белсене қатысып, бейнероликті көріп, талқылады, сонымен қатар экологиялық викторинаға қатысып, экологиялық тақырып бойынша қызықты тапсырмалар орындады. @aqtobe.madeniet @5_orta_mektep
Суретті қарау
100%

Суретті + және − батырмаларымен үлкейтіңіз. Оны тінтуірмен немесе саусақпен жылжытыңыз; телефонда екі саусақпен масштабын өзгертуге болады.