📚 30 қыркүйек күні арнаулы кітапханада көрнекті ақын, жазушы, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтың «Азия» атт...
Бейнені ашу мүмкін болмады. Кейінірек қайталап көріңіз.
Олжас Сүлейменовтың «Азия» атты еңбегі 1975 жылы жарық көрген. «Азия» - тарихқа, тілге, сөздің шығу төркініне қызығушылық танытатын оқырманға ой салатын, түркі және славян халықтарының тарихи-мәдени байланыстарын зерделеуге мүмкіндік беретін еңбек болып табылады. Автор бұл зерттеуінде ежелгі «Слово о полку Игореве» шығармасына тілдік және тарихи тұрғыдан талдау жасайды. Сүлейменов шығармадағы түркілік сөздер мен ұғымдарға назар аударып, славян және түркі халықтарының тарихи-мәдени байланыстарын сөз етеді. @aqtobe.madeniet

