Каталог
Кітапхана жаңалықтары

25 сәуір күні Ақтөбе облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы, Кеңес Одағыны...

25 сәуір күні Ақтөбе облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы, Кеңес Одағыны...
25 сәуір күні Ақтөбе облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың мемориалдық музейі, РФ Псков облысы, Новосокольники қалалық өлкетану музейімен бірлесіп, аты аңызға айналған снайпер, ержүрек қыз – Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған «Әлия ғұмыры – ерлік пен өнеге» атты Халықаралық библиокөпір өткізді.
РФ Новосокольники қалалық өлкетану музейінің меңгерушісі Е.В. Маркова өз сөзінде қазіргі замандағы жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеудің маңызын атап өтіп, Новосокольники өлкесінің тыныс-тіршілігімен және мәдениет мекемелері арасындағы көпжылдық ынтымақтастыққа алғыс білдірді. Шара қонағы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Мұнай-газ ісі» кафедрасының профессоры, патриоттық қозғалыстың белсендісі Т.А. Төлешов патриотизм мен батырлықты ұлықтаудың маңызын атап өтті. Шарада Әлия Молдағұлованың өмірі мен майдандағы ерлігі туралы естеліктер айтылып, апасы Сапураға жазған хаты, мерген қыз туралы өлең шумақтары оқылып, «Әлия» әні орындалды.
Библиокөпір жылы әрі достық атмосферада өтті. Шара барысында оқырмандар музейге экскурсия жасап, соңында қатысушылар Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Әлия Молдағұлованың 100 жылдығымен құттықтап, тағзым етті. Әріптестер! Жеңістің 80 жылдығы мен Әлияның 100 жылдығына орай өтетін шараларды әлеуметтік желілерге жариялаған кезде келесі хэштегтерді қосуды ұмытпаңыздар.

#Жеңіске80жыл
#aliya100 @aqtobe.madeniet
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.